![]()
Иманбек Зейкенов «Грэмми» жүлдесіне үмітті алғашқы қазақстандық музыкант. Қазақстандық музыкант, Imanbek лақап атымен танымал Павлодар облысы Ақсу қаласының тұрғыны Иманбек Зейкеновтің әнші Saint Jhn-ның Roses әніне жасаған ремиксі «Грэмми» жүлдесіне ұсынылды. @imanbekmusic есімі SAINT JHN «Roses» әніне ремикс шығарғаннан кейін әйгілі болды. Оның ремиксі бірнеше апта бойы Billboard Hot 100 чартында Топ-ондықтан түспей, Billie Ellish, The Weekend, Dua Lipa сынды жұлдыздарды соңында қалдырды. Аты шықпай тұрып Иманбек теміржолшы болып жұмыс істеген, деп хабарлайды Хабар24.